28.01.2026 ж. «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Кітап – білім бұлағы» атты оқушылардың «Ботақан» кітабының авторларымен әдеби кездесуі өтті. Өңіріміздің атағын алысқа жеткізіп, халықтың ыстық ілтипатына іліккен «Ботақан» кітабының авторлары іс – шараға қатысты: Әбутәліп Әмір, Жанұзақ Аязбекұлы, Заңғар Санай. Сонымен қатар, осы шарада өлкеміздің зиялы қауымы, “Ботақан” кітабын құрастырушы алқасы құрамы Ақылбек Шаяхмет, Абылай Маудан, Жанна Ерекина, Аслан Қанғожин, Жандос Жүсіпбек, Батырғали Сағынтай текті кісілердің есімдері де аталып өтті.

🎨 «Заң – балалардың көзімен» 3–4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған суреттер көрмесі өтті. Балалар өз суреттері арқылы әділдік, құқық, жауапкершілік, достық пен тәртіп ұғымдарын бейнеледі. Әр жұмыс – баланың таза ойы мен заңға деген алғашқы көзқарасының көрінісі. Көрме жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Заңды түсіну – болашақта саналы азамат болудың бастауы. Балалардың еңбегі – үлкен ойдың бастауы!

22 қаңтар “Адал азамат” біртұтас тәрбие бірыңғай тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” айлығы аясында 4 сыныптар үшін «Денсаулық және жауапкершілік» тақырыбында Қостанай қалалық №2 емханасы мамандары Жангабулова Н.Б., Абилькасова Г.Н. “Денсаулық және жауапкершілік: денсаклық пен өмірге зиян келтіретін зиянды әдеттер” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға ақпараттандыру жұмыстары жүргіізілді. Оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, сауалнама жүргізілді.

Халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚДСҰО Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросының қолдауымен «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик әзірледі.

📚2026 жылғы 21 қаңтар күні 1-сынып оқушылары арасында «Жас математиктер» сайысы өткізілді. 🏆Сайыс нәтижесі бойынша: 🥇орын 1”А” сынып “Сұңқар тобы; 🥈орын 1”Б” сынып “Бірлік” тобы; 🥉орын 1”Ә” сынып “Тапқырлық” тобы және 1”В” сынып “Білім жұлдыздары” тобы. 1 сынып оқушылары «Жас математиктер» сайысында белсенділік танытып, өз білімдерің жоғары деңгейде көрсете білді! Жеңімпаздарды құттықтаймыз👏

Бүгін мектебімізде “Күретамыр” жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты тағылымы мол кездесу өтті. Кеш барысында ұлттық тәрбие, әже мектебінің маңызы және ұрпақ сабақтастығы туралы салмақты ойлар айтылды. Ұлттық құндылықтар дәріптелген іс-шара жылулыққа толы болды.

2026 жылғы 20 қаңтар күні “Таза Қазақстан” жобасы аясында ата-аналармен бірлеске қолдаумен мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қардан тазарту – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыстардың бірі. Біздің ата-аналарымыз қарды тазалауға айтарлықтай көмек көрсетті — белсенді қатысқандарыңыз, түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз! Қар тазалау жұмыстары жалғасуда.

«Менің құқығым – менің жауапкершілігім» Мектебімізде 12-ші қаңтар күні «Заң мен тәртіп» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін, заң мен тәртіпке бағынудың маңызын түсінді. Жауапкершілікке баулитын, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. 🛡️📚