Мектебімізде қазақ тілі әдебиет апталығы аясында 2-сыныптар арасында «Сахна өнері» атты іс-шара өткізілді. Оқушылардың сахна алдындағы қорқынышын жеңуі, сөйлеу мәдениеті мен ұжымдық жұмыс істеу қабілеттерінің артқанын байқалады. Өздерінің өнерлерін көрсетіп өнері номинациялар бойынша әділ бағаланды.

№24 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында 2–4 сынып оқушылары арасында «Білгіштер» зияткерлік ойыны өтті. Ойынның мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша білімдерін сынау. Осы іс – шара барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 2-4 сынып арасында “Тіл білгірі” интеллектуалды ойыны өтті. Ойында әртүрлі сұрақтар, ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер, тұрақты сөз тіркестері, ақын-жазушылардың суреттері көрсетіліп, кім екенін тауып,өмірбаяны мен шығармаларынан қысқаша мағлұмат беру тапсырмалары берілді. Ұйымдастырылған іс шараға оқушылар белсенділік танытып , қызығушылықпен қатысты.

Мектебімізде монолог оқу сайысы жоғары деңгейде өтті 🎭📖 Оқушылардың сахна мәдениеті, көркем сөйлеуі мен шығармашылық шеберлігі қазылар алқасын тәнті етті. 🏆 Жеңімпаздарымыз: ✨ Гран-при – Токжанова Томирис (3 «В») 🥇 І орын – Рахматулла Айша (3 «Б») 🥇 І орын – Сейтпанов Али (3 «Ә») 🥈 ІІ орын – Коржумбаева Зере (3 «Г») 🥉 ІІІ орын – Муратбекова Айсәуле (3 «Ә») Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! 🌟 Өнерге деген сүйіспеншілік пен сөз құдіретін таныта білген оқушыларымызға алғыс айтамыз, шығармашылық табыс тілейміз! 👏✨

Бүгін мектебімізде «Күретамыр» жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты мазмұнды пікірлесу өтті. Кездесу барысында әжелер қазіргі немере тәрбиесіндегі өз рөлі туралы, ертегі айту дәстүрінің бүгінгі маңызы, баланы қалай еркелету керек, қалай бағыт беру қажет екені жайлы шынайы әңгіме өрбіді. Ұрпақ пен үлкенді жалғаған бұл пікірлесу тәрбиелік мәні жоғары, жүрекке жылы кездесу болды.