Бүгін мектебімізде «Күретамыр» жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты мазмұнды пікірлесу өтті. Кездесу барысында әжелер қазіргі немере тәрбиесіндегі өз рөлі туралы, ертегі айту дәстүрінің бүгінгі маңызы, баланы қалай еркелету керек, қалай бағыт беру қажет екені жайлы шынайы әңгіме өрбіді. Ұрпақ пен үлкенді жалғаған бұл пікірлесу тәрбиелік мәні жоғары, жүрекке жылы кездесу болды.