ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына СӘЙКЕС. 11-тармақ. Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау…

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 📢 Құжаттарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістерге назар аударамыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде ағымдағы жылы 1-сыныпқа өтініш беру мерзімі өзгертілді. Егер бұрын өтініштер 1 сәуірден бастап қабылданса, биыл ол 18 маусымнан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау Ережесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» КММ ҚР БҒМ 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі. Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда: 1) «Sakura» электронды мектеп немесе egov.kz электронды үкімет порталы арқылы 2) қағаз түрінде Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Электронды жүйеге жүктейтін құжаттар тізімі:  052-2/ у нысаны бойынша денсаулық паспорты;  065/у нысаны екпе бойынша анықтама;  3х4 өлшемді фотосуреттің 1 данасы.  Кей жағдайда тұлғаны растау мақсатында баланың «Туу туралы куәлігінің көшірмесін» де талап етеді) (Электронды түрде өтініш беру үшін, жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлығы сканерленген, компьютерге жүктелген болу керек. Қағаз жүзінде мектептің қабылдау бөліміне қажетті құжаттар тізімі:  ата-ананың өтініші;  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;  052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;  026/у нысаны бойынша анықтама (болған жағдайда)  065/у нысаны екпе бойынша анықтама;  3х4 өлшемді фотосуреттің екі данасы.  Түбіртек (МДС оқыған жағдайда, сол мектептен алу);  Анықтама (қай бала –бақшадан келгені туралы) Жоғарыда мәлімделген ақпараттармен ата-аналар гимназиясының сайтында https://mektep24kst.edu.kz, kst_24_mektep_gimnaziya инстаграм парақшасында және №24 мектеп-гимназия ғимаратының кіре берісінде орналасқан ақпараттық стендте таныса алады.

2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясының командасы 1-орын иеленді. Қуандық Арсен мен Кеңесбай Нұғман 1-орын алды.Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!