«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына СӘЙКЕС.
11-тармақ. Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
4) тармақшаның «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі — ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) сәйкес № 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт» медициналық анықтамалары;
№ 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт» медициналық анықтамалары ағымдағы бір жылдың ішінде жарамды, егер сіз 2026 жылы бірінші сыныпқа түссеңіз, анықтамалар 2026 жылғы медициналық тексеруден өтуге сәйкес болуы тиіс

