🎄✨ *Жаңа жыл құтты болсын!* ✨🎄 2025 жылға қош айтып, үміт пен армандарға толы 2026 жылды қарсы алайық! Жаңа жыл – жаңа бастамалардың, жарқын жоспарлардың, жақсылыққа толы күндердің бастауы. Жаңа жылда: Отбасыңыз аман, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын! Жұмысыңыз жемісті, еңбегіңіз еленген жыл болғай! Денсаулық пен береке, бақыт пен молшылық серік болсын! ❄️ Әрбір күн қуанышқа, әрбір іс табысқа толсын! Жаңа жыл – жарқын болашақтың жаршысы! Жаңа жыл – жаңа жетістіктер жылы болсын!

Қостанай қаласының №24 мектеп – гимназиясының ұжымы қаламыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан 2026 жылмен құттықтайды. Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін! 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄

Бүгінгі күн «Менің көмекшім – жасанды интеллект» деген ұранмен бастау алды. Мектептің жас мамандары өздерінің тәжірибелік жолында қолданатын жұмыс формалар мен әдістерімен бөлісе отырып, педагогикалық идеялар панорамасын өткізді. Сонымен қатар ЖИ қолдана отырып сабақ өткізудің қисындарын практика жүзінде іске асырып, оқушылардың белсенділіктері мен танымдылықтарын арттыруға тағы бір үлес қосты. «Мектептің жаны – мұғалім.» А.Байтұрсынов

Мектеп жүрегі – мұғалім

Мен 4 «А» сынып оқушысы Қасенғазы Қасым №24 мектебінің қалыптасу тарихы жөнінде мектебіміздің алғашқы ұстазы Жанар Жиентаевна Ертышпаевадан сұхбат алдым. Жанар Жиентаевнаға қойған алғашқы сұрағым: –1990 жылы Қостанай қаласында алғашқы қазақ мектебі-№24 бастауыш қазақ мектебі ашылды. Алғашқы мұғалімдердің бірі бөліп…