Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 📢 Құжаттарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістерге назар аударамыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде ағымдағы жылы 1-сыныпқа өтініш беру мерзімі өзгертілді. Егер бұрын өтініштер 1 сәуірден бастап қабылданса, биыл ол 18 маусымнан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026-2027 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау Ережесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» КММ ҚР БҒМ 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі. Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда: 1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Электронды жүйеге жүктейтін құжаттар тізімі:  052-2/ у нысаны бойынша денсаулық паспорты;  065/у нысаны екпе бойынша анықтама;  3х4 өлшемді фотосуреттің 1 данасы.  Кей жағдайда тұлғаны растау мақсатында баланың «Туу туралы куәлігінің көшірмесін» де талап етеді) (Электронды түрде өтініш беру үшін, жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлығы сканерленген, компьютерге жүктелген болу керек. Қағаз жүзінде мектептің қабылдау бөліміне қажетті құжаттар тізімі:  ата-ананың өтініші;  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі-2 дана;  052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;  065/у нысаны екпе бойынша анықтама;  3х4 өлшемді фотосуреттің екі данасы.  Түбіртек (МДС оқыған жағдайда, сол мектептен алу);  Анықтама (қай бала –бақшадан келгені туралы) Жоғарыда мәлімделген ақпараттармен ата-аналар гимназиясының сайтында mektep24.edu.kz kst_24_mektep_gimnaziya инстаграм парақшасында және №24 мектеп-гимназия ғимаратының кіре берісінде орналасқан ақпараттық стендте таныса алады.

📚 Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Балалар көзқарасы» челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты https://t.me/oqu_agartu/15207 📆 ЦИФРА ДНЯ 📚 Более 1 миллиона школьников приняли участие в республиканском челлендже «Балалар көзқарасы», приуроченном к Национальному дню книги, учрежденному Главой государства. https://t.me/oqu_agartu/15208

1 сыныпқа қабылдау Ережесі- өзгерістерімен 18 наурыз 2025 ж.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   2025-2026 оқу жылына   1 сыныпқа құжаттар қабылдау   Ережесі   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы»…

Бастауыш сынып мұғаліміне бос орын 10.12-20.12

 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына бастауыш сыныпмұғалімі (декреттік демалыс орнына) бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: Бастауыш сынып мұғалімі Ресми жалақы: 200 000 тенге. Жұмыспен қамту түрі: Толық…

Аға тәлімгер бос лауазымына конкурс 03.12-12.12

 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына Аға тәлімгер бос лауазымына конкурс жариялайды. Бос орын: Аға тәлімгер Ресми жалақы:150 000 Жұмыспен қамту түрі: Толық жұмыспен қамту Оқыту тілі: Қазақша Білімі:…