Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау
Ережесі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» КММ ҚР БҒМ 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуір айынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналардан өтініш қабылдау egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады:
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Электронды жүйеге жүктейтін құжаттар тізімі:
- 052-2/ у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
- 065/у нысаны екпе бойынша анықтама;
- 3х4 өлшемді фотосурет
egov.kz электронды үкімет порталына өтініш беру жолдары:
- kz электронды үкімет порталына кіру;
- «Білім» бөлімінде «Орта білім» бөлімді таңдау;
- «1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» бастырмасын басу;
- Онлайн сұрау.
Жоғарыда мәлімделген ақпараттармен ата-аналар гимназиясының сайтында https://mektep24kst.edu.kz, kst_24_mektep_gimnaziya инстаграм парақшасында және №24 мектеп-гимназия ғимаратының кіре берісінде орналасқан ақпараттық стендте таныса алады.

