Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай мектебімізде оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен ерекше шара ұйымдастырылды. Олар бірігіп құстарға арналған ұялар жасап, табиғатқа қамқорлық көрсетті. Дайын ұялар орталық саябаққа орнатылып, құстарға қолайлы орта жасалды. Бұл іс-шара балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, жауапкершілік сезімін арттырды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🐦🌿 Ерман Бекарыс Қабиден Айлин 01.04.202601.04.2026Без рубрики
Педагогтің бір күні» Таңғы мектеп қоңырауы соғылған сәттен бастап жас маман-педагогтің күні басталады. Тәлімгердің қолдауымен ол әр сабағын мұқият жоспарлап, оқушыларға түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге тырысады. Әрбір сабақ — тәжірибе, әрбір оқушының жетістігі — жас ұстаз үшін үлкен қуаныш. Сабақ арасында тәлімгерімен пікір алмасып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену жас маманның кәсіби дамуына көмектеседі. Құжаттарды реттеу, тапсырмаларды тексеру, келесі сабаққа дайындалу — мұның бәрі педагогтің күнделікті еңбегінің бір бөлігі. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын көрген жас мұғалім өз еңбегінің маңызын сезінеді. Ұстаздық жол — үздіксіз ізденіс пен жауапкершілікке толы жол. Осындай қолдау мен тәжірибе арқылы жас маман болашақта білікті педагог болып қалыптасады. 24.02.2026Без рубрики
Бүгін мектебімізде «Күретамыр» жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты мазмұнды пікірлесу өтті. Кездесу барысында әжелер қазіргі немере тәрбиесіндегі өз рөлі туралы, ертегі айту дәстүрінің бүгінгі маңызы, баланы қалай еркелету керек, қалай бағыт беру қажет екені жайлы шынайы әңгіме өрбіді. Ұрпақ пен үлкенді жалғаған бұл пікірлесу тәрбиелік мәні жоғары, жүрекке жылы кездесу болды. 23.02.2026Без рубрики
“Таза Қазақстан” экологиялық мәдениет дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде “Қағаз тапсыр – ағашты сақта” макулатура жинау бойынша акциясы өткізілді. Акцияға оқушылар белсене қатысты. Ата-аналар да аталмыш шараға ат салысты. Осыған орай 9.02. күні әр сынып осы акцияға орай қағаз тапсырды. 23.02.2026Без рубрики
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениет дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде «Қағаз тапсыр – ағашты сақта» макулатура жинау бойынша акциясы өткізілді. Акцияға оқушылар белсене қатысты. Ата-аналар да аталмыш шараға ат салысты. Осыған орай 9.02. күні әр сынып осы акцияға орай қағаз тапсырды. 23.02.2026Без рубрики
Даулетбаев Тобыл Еслямғалиұлы атындағы оқушылардың XIII өңірлік ғылыми-практикалық байқауы 7 ақпанда өтті. №24 мектеп-гимназиясынан қатысқан оқушылар 1 орын иеленді: Досанова Жасмин (жетекшісі Жусупова А.К.), Мұхтарұлы Алихан, Ердес Мәриям (жетекшісі Ахметова Ш.Б.), Сәбит Азиз (жетекшісі Каримова Л.А.) 23.02.202623.02.2026Без рубрики
22 қаңтар “Адал азамат” біртұтас тәрбие бірыңғай тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” айлығы аясында 4 сыныптар үшін «Денсаулық және жауапкершілік» тақырыбында Қостанай қалалық №2 емханасы мамандары Жангабулова Н.Б., Абилькасова Г.Н. “Денсаулық және жауапкершілік: денсаклық пен өмірге зиян келтіретін зиянды әдеттер” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға ақпараттандыру жұмыстары жүргіізілді. Оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, сауалнама жүргізілді. 01.02.202601.02.2026Без рубрики