Мектебімізде 16-20 ақпан аралығында «Қиын сәтте – жай ғана қоңырау шал!» ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. 24.02.2026Мектеп психологы
Педагогтің бір күні» Таңғы мектеп қоңырауы соғылған сәттен бастап жас маман-педагогтің күні басталады. Тәлімгердің қолдауымен ол әр сабағын мұқият жоспарлап, оқушыларға түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге тырысады. Әрбір сабақ — тәжірибе, әрбір оқушының жетістігі — жас ұстаз үшін үлкен қуаныш. Сабақ арасында тәлімгерімен пікір алмасып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену жас маманның кәсіби дамуына көмектеседі. Құжаттарды реттеу, тапсырмаларды тексеру, келесі сабаққа дайындалу — мұның бәрі педагогтің күнделікті еңбегінің бір бөлігі. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын көрген жас мұғалім өз еңбегінің маңызын сезінеді. Ұстаздық жол — үздіксіз ізденіс пен жауапкершілікке толы жол. Осындай қолдау мен тәжірибе арқылы жас маман болашақта білікті педагог болып қалыптасады. 24.02.2026Без рубрики
«КІТАП СЫЙЛА — БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШ» республикалық челленджі • #БалаларКітапханасы #АдалАзамат #КітапСыйла #ХалықаралықКітапСыйлауКүні #Кітап сыйлаболашаққажолаш 23.02.2026Мектеп кітапханасы
Мектебімізде қазақ тілі әдебиет апталығы аясында 2-сыныптар арасында «Сахна өнері» атты іс-шара өткізілді. Оқушылардың сахна алдындағы қорқынышын жеңуі, сөйлеу мәдениеті мен ұжымдық жұмыс істеу қабілеттерінің артқанын байқалады. Өздерінің өнерлерін көрсетіп өнері номинациялар бойынша әділ бағаланды. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара, Оқу әрекеттері
«Күретамыр» жобасы аясында ардақты әжелеріміздің қатысуымен өнегелі басқосу өтті. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара
№24 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында 2–4 сынып оқушылары арасында «Білгіштер» зияткерлік ойыны өтті. Ойынның мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша білімдерін сынау. Осы іс – шара барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара, Оқу әрекеттері