1 мамыр – бірлік күніне орай 1 “А” сыныбында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар достық, татулық туралы ой бөлісіп, тақырыпқа байланысты бейнеролик тамашалады. Шара барысында бірлік пен ынтымақтың маңызы түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығы артты.

23 сәуір күні “24 жұлдыздары” атты брифинг өтті. Білімімен көзге түсіп, олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жеңімпаз болған түлектеріміз – Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп- гимназиясының оқушылары Сапаргалиева Жансая мен Кеңесбай Нұғман, 24 мектеп- гимназиясының 4 сынып оқушысы Қуандық Арсен осы шараның құрметті қонақтары болды. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қол жеткізген жетістіктері, болашаққа жетелейтін мақсаттары туралы сөз қозғады. “Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық” деген Абай атамыздың сөзімен брифинг нүктесі қойылды.

Жақын арада Астана қаласында «Зерделі» орталығының республикалық деңгейдегі жобасы аясында бір күндік олимпиадалық жарыс өтті. Оқушыларымыз “Зерделі Қостанай” атынан Қостанай қаласының құрама командасы ретінде қатысты. Қостанай қаласы команда ішінде қатысқан біздің мектеп оқушылары жетістікке жетті. 3-сыныптар командасы – 3 орын, 4-сыныптар командасы – 2-орын алды. Олар: 4-сынып оқушылары: Қайржан Айсылу Мырзабек Инжу Мырзабек Инкар Дауренұлы Сұлтан 3-сыныптар: Медетқызы Мариям Бектемир Томирис Құттықтаймыз!