Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай мектебімізде оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен ерекше шара ұйымдастырылды. Олар бірігіп құстарға арналған ұялар жасап, табиғатқа қамқорлық көрсетті. Дайын ұялар орталық саябаққа орнатылып, құстарға қолайлы орта жасалды. Бұл іс-шара балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, жауапкершілік сезімін арттырды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🐦🌿 Жанбрбаев Даниал Сексембай Сая Ерман Бекарыс Рахматулла Айша Қоянбай Әбілмансұр Батыр Гайсадин Сүлеймен Інжу Төленді Омар

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі 18 наурыз күні мектебіміздің ауласында көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, ән мен күй, би мен жырдан шашу шашылды. Ерекше көңіл-күй сыйлаған — «Мирас» мәдениет үйінің өнерпаздары. Олар өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін кіргізді. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерді насихаттап, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті. Наурыз — жаңару мен жақсылықтың бастауы. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін!

«Бұл әлем қандай әдемі, қарашы!» атты бірыңғай облыстық сынып сағаты бастауыш сыныптарда өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және қоршаған ортада қауіпсіздікті сақтау. Іс-шара барысында оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, қызықты ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, әлемнің әсемдігі туралы пікірлерімен бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениеті мен ережелерін қалыптастыруға да оң ықпал етті.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері №24 мектепте оқушылардың қатысуымен танымдық іс-шара өткізді. 🔹Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, олардың маңыздылығы түсіндірілді. Қызметкерлер балалармен бірге ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, салт-дәстүрлердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуының маңызын атап өтті. Қостанай облысы Әділет департаментінің Баспасөз қызметі