2 “А” сыныбында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты тәрбиелік іс-шара өтті 🇰🇿 Іс-шара әкелерге арналып, оқушылар патриоттық рухтарын көрсетіп, елге деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтар мен көріністер арқылы жеткізді. Әкелерге құрмет көрсетіліп, батырлық пен ерліктің маңызы дәріптелді.