4 «Б» сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің кітапханасына арнайы барып, оның 185 жылдығына арналған танымдық квест ойынына белсене қатысты. Квест барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, ағартушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды. Ойын балалардың тапқырлығын шыңдап, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Бұл шара оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, тарихи тұлғаларға деген құрметін күшейтті.

28.01.2026 ж. «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Кітап – білім бұлағы» атты оқушылардың «Ботақан» кітабының авторларымен әдеби кездесуі өтті. Өңіріміздің атағын алысқа жеткізіп, халықтың ыстық ілтипатына іліккен «Ботақан» кітабының авторлары іс – шараға қатысты: Әбутәліп Әмір, Жанұзақ Аязбекұлы, Заңғар Санай. Сонымен қатар, осы шарада өлкеміздің зиялы қауымы, “Ботақан” кітабын құрастырушы алқасы құрамы Ақылбек Шаяхмет, Абылай Маудан, Жанна Ерекина, Аслан Қанғожин, Жандос Жүсіпбек, Батырғали Сағынтай текті кісілердің есімдері де аталып өтті.

Бүгін 09.01.2026ж. “Таза Қазақстан” жобасы аясында Әділет басқармасының волонтерлерінің көмегімен және 1-3 сыныптарының ата-аналарымен бірлесе еңбек еткен мектебіміздің кішкентай болса да, нағыз ер-азамат болып өсіп келе жатқан ұлдарымыздың қатысуымен мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғастырылды. Қардан тазарту – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыстардың бірі. Серіктестеріміз бен ата-аналар тарапынан мектептің танымдық сауықтыру шараларынарда ғана емес, ортақ еңбекте де белсенділік танытылады. Қарды тазалауға айтарлықтай көмек көрсетті — белсенді қатысқандарыңыз, түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз!