Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 📢 Құжаттарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістерге назар аударамыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде ағымдағы жылы 1-сыныпқа өтініш беру мерзімі өзгертілді. Егер бұрын өтініштер 1 сәуірден бастап қабылданса, биыл ол 18 маусымнан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Бос жұмыс орын 04.03.2026-16.03.2026

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026-2027 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау Ережесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» КММ ҚР БҒМ 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі. Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда: 1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Электронды жүйеге жүктейтін құжаттар тізімі:  052-2/ у нысаны бойынша денсаулық паспорты;  065/у нысаны екпе бойынша анықтама;  3х4 өлшемді фотосуреттің 1 данасы.  Кей жағдайда тұлғаны растау мақсатында баланың «Туу туралы куәлігінің көшірмесін» де талап етеді) (Электронды түрде өтініш беру үшін, жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлығы сканерленген, компьютерге жүктелген болу керек. Қағаз жүзінде мектептің қабылдау бөліміне қажетті құжаттар тізімі:  ата-ананың өтініші;  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі-2 дана;  052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;  065/у нысаны екпе бойынша анықтама;  3х4 өлшемді фотосуреттің екі данасы.  Түбіртек (МДС оқыған жағдайда, сол мектептен алу);  Анықтама (қай бала –бақшадан келгені туралы) Жоғарыда мәлімделген ақпараттармен ата-аналар гимназиясының сайтында mektep24.edu.kz kst_24_mektep_gimnaziya инстаграм парақшасында және №24 мектеп-гимназия ғимаратының кіре берісінде орналасқан ақпараттық стендте таныса алады.