Мектебімізде «Армысың, Дарындылық» онкүндігі өтіп жатыр. Соған орай 4 сынып оқушыларымен “Оқушы үні” бағдарламасы аясында бейнежоба форматында байқау өткізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты – оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзекті тақырыптарға деген көзқарастарын қалыптастыру. Әр сынып өздері тақырып таңдап, бейнероликтер дайындап, белсенділік танытты. 4 «А»сыныбы – Мектеп жанындағы ағаштар 4 «Ә»сыныбы -Жасанды интеллект 4 «Б»сыныбы- Бастауыш мектеппен қоштасу 4 «В»сыныбы- Жеңіс паркі 4 «Г»сыныбы- Кілем тоқу Тақырыптардың әртүрлі болуы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған орта, ұлттық құндылықтар және заманауи технологиялар туралы түсініктерін дамытуға ықпал етті. Нәтижесінде: 4 «Б» сыныбы- «Бас жүлде», 4 «Ә» сыныбы -1 орын, 4 «В», 4 «Г» сыныптары-2 орын, 4 «А» сыныбы -3 орынды иеленді. Құтты болсын!

«Таным» квесті ойыны өтті . Квестке 2-сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті Ойын барысында қатысушылар келесі аялдамалардан өтті: 1. «Жануарлар әлеміне саяхат» 2.«Таза Қазақстан» 3. «Зерттеушілер» 4.«Көрінбейтін сиқыршы» 5.«Аспан әлемі» 6.«Өз өлкемді танып, білемін» Әр тапсырма балалардың ой-өрісін дамытып, қызығушылығын арттырды Квест өте қызықты әрі әсерлі өтті!

5 сәуір күні мектебімізде “Армысың, Дарындылық!” оңкүндігі аясында 4 сынып оқушылары арасында “Тілім егер тіл болудан қалса егер…” тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Тартысты ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын дәлелдей алды

Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды ⚠️«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.

Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» Ұлттық кітап күнімен тұспа – тұс келген дарындылық және таным апталығының ашылу рәсімі мектеп оқушылары үшін өткізілді. Оқушылар өз қызығушылықтары мен танымдарын байқатар шаралар жоспарымен танысып, салтанатты іс – шарада да өз өнерлерімен бөлісті.

аза қала – таза Қазақстан! 🇰🇿 Бүгін мектебімізде сенбілік ұйымдастырылып, айналамызды тазалап, табиғатқа қамқорлық жасадық. 🌱 Ұстаздар қауымымен мектеп ұжымы, аула аумағын тазалап, ағаштардың түбін ретке келтіріп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. Осындай игі істер арқылы біз туған жерімізді қадірлеуді, табиғатты аялауды үйренеміз. 🌍 Бірге таза қала құрайық! Бірге жарқын болашаққа қадам жасайық!

09.04.2026. “Батылдық мекеніне саяхат” Оқушылар үшін ерекше күн. Олар №5 өрт сөндіру бөліміне (ПЧ-5) экскурсияға барып, нағыз батырлардың жұмысымен танысты. Экскурсия барысында кішкентай қонақтарды өрт сөндірушілер жылы қарсы алды. Балаларға арнайы киімдер, қорғаныс құралдары және үлкен қызыл өрт сөндіру көліктері көрсетілді. Әсіресе, техникамен танысу сәті оқушыларға қатты ұнады. Өрт сөндірушілер балаларға өз жұмыстарының қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсіндірді. Олар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін, қауіпсіздік ережелерін де үйретті. Балалар өз кезегінде көп сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Кейбірі тіпті болашақта өрт сөндіруші болуды армандайтынын айтты. Бұл экскурсия оқушыларға тек жаңа ақпарат беріп қана қоймай, батылдық пен жауапкершіліктің мәнін түсінуге көмектесті.

Бүгін 9-шы сәуір күні оқушылар Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы РММ-не 2 «Ә» сыныбы экскурсияға барды 👩‍🚒👨‍🚒 Оқушылар құтқарушылардың жұмысымен танысып, арнайы техникаларды көріп, қауіпсіздік ережелері туралы маңызды мәліметтер алды 📚 Балалар үшін бұл күн ерекше әсерге толы болды! Осындай пайдалы экскурсиялар балалардың білімін арттырып қана қоймай, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады 👍