«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасын талқылау бойынша түсіндірме жұмыстары мен ҚР-ның Конституциясындағы жаңашылдандыру жайында ақпарат берілді. 23.02.2026Құқықтық тәрбие
«Заң және жауапкершілік» 📌 Мектеп оқушыларының театр қойылымдары аясында көріністер байқауы жүргізілді. 📖 Оқушылар досытық, жанашырлық, мейірімділік қасиеттері жайында сөз қозғап, көрініс қоя отырып, ішкі сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік алды. 02.02.2026Құқықтық тәрбие
«Заң менен басталады» 29қаңтар күні 📌 Құқық клубтарының акциясы аясында жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 📖 Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, құқықтық жадынамалар (буклеттер) таратылды. Мақсатымыз – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. 02.02.2026Құқықтық тәрбие
🎨 «Заң – балалардың көзімен» 3–4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған суреттер көрмесі өтті. Балалар өз суреттері арқылы әділдік, құқық, жауапкершілік, достық пен тәртіп ұғымдарын бейнеледі. Әр жұмыс – баланың таза ойы мен заңға деген алғашқы көзқарасының көрінісі. Көрме жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Заңды түсіну – болашақта саналы азамат болудың бастауы. Балалардың еңбегі – үлкен ойдың бастауы! 02.02.2026Құқықтық тәрбие
Мектебімізде «Заңға 30 секунд» атты челлендж өтті. Оқушылар өз құқықтары жөніндегі білімдерін қысқа сұрақ-жауап форматында көрсетті. Құқықты білу – қауіпсіз болашақтың негізі. 01.02.2026Құқықтық тәрбие
Адалдық және әділдік тақырыбы бойынша үзілісте қызықты ойындар ойнадық, ойын ойнау арқылы әділдік пен адалдық ұғымын терең түсіне алды 01.02.2026Құқықтық тәрбие
«Менің құқығым – менің жауапкершілігім» Мектебімізде 12-ші қаңтар күні «Заң мен тәртіп» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін, заң мен тәртіпке бағынудың маңызын түсінді. Жауапкершілікке баулитын, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. 🛡️📚 01.02.2026Құқықтық тәрбие
19-қаңтар күні «Заң мамандықтары» тақырыбында мектеп инспекторы оқушыларға жолығып ақпараттық таныстырылым өтті. Кездесу барысында оқушылар пайдалы мәліметтер алып кері байланыс орната алды. 01.02.2026Құқықтық тәрбие
08.01 күні сынып сағаты барысында оқушылармен «Заң және тәртіп» тақырыбы талқыланып, құқықтық тәрбие беру мақсатында мазмұнды түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісіп, тәртіптің маңыздылығын ұғынды.Бала тәрбиесі – заңды білуден басталады! ⚖️📚 11.01.202611.01.2026Құқықтық тәрбие
🚨 *Қоғамдық тәртіп – ортақ міндет!* Бүгін мектебімізде инспектор маманмен кездесу өтті. Оқушылар *қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау*, *жеке қауіпсіздік*,туралы маңызды мағлұмат алды. Балалар өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын ұғынды. 🛑 Қауіпсіз орта – саналы ұрпақтың кепілі! 05.01.2026Құқықтық тәрбие