09.04.2026. “Батылдық мекеніне саяхат” Оқушылар үшін ерекше күн. Олар №5 өрт сөндіру бөліміне (ПЧ-5) экскурсияға барып, нағыз батырлардың жұмысымен танысты. Экскурсия барысында кішкентай қонақтарды өрт сөндірушілер жылы қарсы алды. Балаларға арнайы киімдер, қорғаныс құралдары және үлкен қызыл өрт сөндіру көліктері көрсетілді. Әсіресе, техникамен танысу сәті оқушыларға қатты ұнады. Өрт сөндірушілер балаларға өз жұмыстарының қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсіндірді. Олар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін, қауіпсіздік ережелерін де үйретті. Балалар өз кезегінде көп сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Кейбірі тіпті болашақта өрт сөндіруші болуды армандайтынын айтты. Бұл экскурсия оқушыларға тек жаңа ақпарат беріп қана қоймай, батылдық пен жауапкершіліктің мәнін түсінуге көмектесті.