6 сәуір, 2026 жылы 3 Ә сынып оқушысы Мұхит Інжу Нұржанқызы ХХІІ Халықаралық “Алтын микрофон-2026” аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңінде 1-орын алып, облысқа жолдама берілді. Бұл сайыста Інжу өзінің жас ерекшелігіне қарамай, “Қазағым” және “Өмір мәні” әндерін жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасының ерекше назарына ілігіп, “Мұхиттың түбінен жарқырап шыққан Інжу” деген теңеу айтылды. Алдағы уақытта Інжу 6 мамырда облыс деңгейіндегі сайыста өнер көрсетіп, бақ сынайды. Інжу бұған дейін де бірнеше дүркін әншілер байқауының екі ГРАН ПРИ, бір СУПЕР ГРАН ПРИ жүлделерін алды. Жақын арада, 28 Наурыз күні өткен “АНАМА СЫЙЛЫҚ” атты Республикалық вокал номинациясы бойынша да үздік өнер көрсетіп, І орын алды 09.04.2026Біздің жетістіктер
4«А» сыныбы Ы.Алтынсарин кітапханасына барып «Баға жетпес құндылықтар бар» тақырыбындағы квест ойынына қатысып біраз ой сергітіп топтық қарым қатынастарын нығайтып көңілді әсер алып келді. 09.04.2026Мектеп кітапханасы
4 «Б» сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің кітапханасына арнайы барып, оның 185 жылдығына арналған танымдық квест ойынына белсене қатысты. Квест барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, ағартушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды. Ойын балалардың тапқырлығын шыңдап, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Бұл шара оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, тарихи тұлғаларға деген құрметін күшейтті. 09.04.2026Мектеп кітапханасы