6 сәуір, 2026 жылы 3 Ә сынып оқушысы Мұхит Інжу Нұржанқызы ХХІІ Халықаралық “Алтын микрофон-2026” аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңінде 1-орын алып, облысқа жолдама берілді. Бұл сайыста Інжу өзінің жас ерекшелігіне қарамай, “Қазағым” және “Өмір мәні” әндерін жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасының ерекше назарына ілігіп, “Мұхиттың түбінен жарқырап шыққан Інжу” деген теңеу айтылды. Алдағы уақытта Інжу 6 мамырда облыс деңгейіндегі сайыста өнер көрсетіп, бақ сынайды. Інжу бұған дейін де бірнеше дүркін әншілер байқауының екі ГРАН ПРИ, бір СУПЕР ГРАН ПРИ жүлделерін алды. Жақын арада, 28 Наурыз күні өткен “АНАМА СЫЙЛЫҚ” атты Республикалық вокал номинациясы бойынша да үздік өнер көрсетіп, І орын алды