Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай мектебімізде оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен ерекше шара ұйымдастырылды. Олар бірігіп құстарға арналған ұялар жасап, табиғатқа қамқорлық көрсетті. Дайын ұялар орталық саябаққа орнатылып, құстарға қолайлы орта жасалды. Бұл іс-шара балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, жауапкершілік сезімін арттырды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🐦🌿 Ерман Бекарыс Қабиден Айлин 01.04.202601.04.2026Без рубрики
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі ⏳ 2026 жылдың 22-30 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бастау» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Қостанай қаласы атынан №24 мектеп-гимназиясы қатысты. ✅ Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі 🥈 2 орынға № 24 мектеп-гимназиясы ие болды. ✅ Жеке есепте келесі жүлделі орындар берілді: 🥉 3 орын – Ердес Алдияр,3 сынып, №24 МГ / Атшабар Даулетбек, 2 сынып, №24 МГ 💐 Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! 01.04.202609.04.2026Біздің жетістіктер, Ғылыми жоба
Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай мектебімізде оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен ерекше шара ұйымдастырылды. Олар бірігіп құстарға арналған ұялар жасап, табиғатқа қамқорлық көрсетті. Дайын ұялар орталық саябаққа орнатылып, құстарға қолайлы орта жасалды. Бұл іс-шара балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, жауапкершілік сезімін арттырды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🐦🌿 Жанбрбаев Даниал Сексембай Сая Ерман Бекарыс Рахматулла Айша Қоянбай Әбілмансұр Батыр Гайсадин Сүлеймен Інжу Төленді Омар 01.04.202609.04.2026Мектепте өткен іс-шара
Көктемгі демалыс кезеңіне арналған «Кітаппен келген көктем» 01.04.202609.04.2026КІТАПХАНА, Мектеп кітапханасы
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі 18 наурыз күні мектебіміздің ауласында көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, ән мен күй, би мен жырдан шашу шашылды. Ерекше көңіл-күй сыйлаған — «Мирас» мәдениет үйінің өнерпаздары. Олар өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін кіргізді. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерді насихаттап, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті. Наурыз — жаңару мен жақсылықтың бастауы. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін! 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара
«Бұл әлем қандай әдемі, қарашы!» атты бірыңғай облыстық сынып сағаты бастауыш сыныптарда өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және қоршаған ортада қауіпсіздікті сақтау. Іс-шара барысында оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, қызықты ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, әлемнің әсемдігі туралы пікірлерімен бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениеті мен ережелерін қалыптастыруға да оң ықпал етті. 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара