«Бұл әлем қандай әдемі, қарашы!» атты бірыңғай облыстық сынып сағаты бастауыш сыныптарда өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және қоршаған ортада қауіпсіздікті сақтау. Іс-шара барысында оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, қызықты ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, әлемнің әсемдігі туралы пікірлерімен бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениеті мен ережелерін қалыптастыруға да оң ықпал етті.