2026 жылғы 5-6 мамырда 1-4 сынып оқушылары арасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кәмелетке толмағандарды қолдауға бағытталған «Досым» анонимді telegram-чат-ботын енгізу бойынша PR-науқан өткізілді. 22.05.2026Мектеп психологы
Мектебімізде 16-20 ақпан аралығында «Қиын сәтте – жай ғана қоңырау шал!» ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. 24.02.2026Мектеп психологы
Мектебімізде психология апталығы аясында балалар қызықты ойындар арқылы көңіл көтеріп, бір-бірімен байланыс орнатып, достық пен шығармашылықтарын көрсетті 💛💙💚 05.01.2026Мектеп психологы
Психология апталығына орай мектебімізде ерекше «Ең-ең-ең-ең-ең» челленджі өтті. Балалар мектептегі ең мейірімді, ең ақылды, ең әдемі, ең сабырлы, ең көңілді ұстазын, сыныптасын, досын атап өтті 🌈. Жылы сөздер — біздің күннің ең жарқын сәттері ✨ 05.01.2026Мектеп психологы
Психология апталығына орай 1 сыныптар үшін “Түрлі түсті күн” ұйымдастырылды. Әр сынып түрлі түсті киініп, шынайы көңіл-күй мен жарқын түстер әлеміне еніп, өздерінің жеке ерекшеліктерін көрсетті. 05.01.2026Мектеп психологы
Бүгін мектебімізде Психологиялық қолдау апталығы аясында акция өтті. Оқушылар және мұғалімдер “Жетістіктер ағашын” өз мақтаныштарымен толтырды. Ағашымыз қуанышқа, мейірімге және шабытқа толды. 25.11.2025Мектеп психологы
“Сенімділік пен қолдау” күні аясында ата-аналар мен оқушыларымыз “Махаббат дауысы” бейне челленджін қолдап, күнделікті бірге өткізілген бос уақытта бір – біріне деген сүйіспеншілікпен, ризашылық пен қолдаумен бөлісті. Болашақ ұрпаққа екі жақты қолдау көрсету – мектеп пен ата-ананың арасында бекітілген өзара тығыз жұмыс. 25.11.2025Мектеп психологы
20-28 қараша аралығы өтетін Дүниежүзілік балалар күніне арналған Психологиялық қолдау апталығы басталды. Апталықтың алғашқы шарасы — «Ізгі тілектер дәлізі» акциясы ерекше көңіл-күй сыйлады. Мектепке кірген әр бала жылы шыраймен қарсы алып, өздеріне арналған жылы сөздер мен күш беретін тілектерді бір біріне сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады. Осындай кішкентай ғана жағымды тілектер балалардың жүзін жадыратып, мектепке қуана кіруіне себеп болды. Алдағы күндері апталық аясында түрлі қызықты іс-шаралар жалғасын табады. 25.11.2025Мектеп психологы
Балалардың бойында құрмет, достық, өзара көмек, төзімділік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мектебімізде «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, дос болудың, бір-бірін түсінудің қаншалықты маңызды екенін өз іс-әрекеттерімен көрсетті. 25.11.2025Мектеп психологы
8 сәуір күні мектебімізде “Армысың, Дарындылық!” оңкүндігі аясында 4 сынып оқушылары арасында “Менің атым-Қожа” фильмі бойынша дебат ойыны өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің қөзқарастарын дәлелдей білді. 17.04.2025Мектеп психологы, Мектепте өткен іс-шара