20-28 қараша аралығы өтетін Дүниежүзілік балалар күніне арналған Психологиялық қолдау апталығы басталды. Апталықтың алғашқы шарасы — «Ізгі тілектер дәлізі» акциясы ерекше көңіл-күй сыйлады. Мектепке кірген әр бала жылы шыраймен қарсы алып, өздеріне арналған жылы сөздер мен күш беретін тілектерді бір біріне сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады. Осындай кішкентай ғана жағымды тілектер балалардың жүзін жадыратып, мектепке қуана кіруіне себеп болды. Алдағы күндері апталық аясында түрлі қызықты іс-шаралар жалғасын табады.