Бүгін мектебімізде “Күретамыр” жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты тағылымы мол кездесу өтті. Кеш барысында ұлттық тәрбие, әже мектебінің маңызы және ұрпақ сабақтастығы туралы салмақты ойлар айтылды. Ұлттық құндылықтар дәріптелген іс-шара жылулыққа толы болды.