«Менің құқығым – менің жауапкершілігім» Мектебімізде 12-ші қаңтар күні «Заң мен тәртіп» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін, заң мен тәртіпке бағынудың маңызын түсінді. Жауапкершілікке баулитын, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. 🛡️📚