09.04.2026. “Батылдық мекеніне саяхат” Оқушылар үшін ерекше күн. Олар №5 өрт сөндіру бөліміне (ПЧ-5) экскурсияға барып, нағыз батырлардың жұмысымен танысты. Экскурсия барысында кішкентай қонақтарды өрт сөндірушілер жылы қарсы алды. Балаларға арнайы киімдер, қорғаныс құралдары және үлкен қызыл өрт сөндіру көліктері көрсетілді. Әсіресе, техникамен танысу сәті оқушыларға қатты ұнады. Өрт сөндірушілер балаларға өз жұмыстарының қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсіндірді. Олар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін, қауіпсіздік ережелерін де үйретті. Балалар өз кезегінде көп сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Кейбірі тіпті болашақта өрт сөндіруші болуды армандайтынын айтты. Бұл экскурсия оқушыларға тек жаңа ақпарат беріп қана қоймай, батылдық пен жауапкершіліктің мәнін түсінуге көмектесті.

Бүгін 9-шы сәуір күні оқушылар Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы РММ-не 2 «Ә» сыныбы экскурсияға барды 👩‍🚒👨‍🚒 Оқушылар құтқарушылардың жұмысымен танысып, арнайы техникаларды көріп, қауіпсіздік ережелері туралы маңызды мәліметтер алды 📚 Балалар үшін бұл күн ерекше әсерге толы болды! Осындай пайдалы экскурсиялар балалардың білімін арттырып қана қоймай, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады 👍

Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушылары арасында ата-аналарымен бірге көңілді әрі қызықты спорттық сайыс өтті 💪 Кішкентай спортшыларымыз өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ата-аналарының ұйымшылдығының арқасында жақсы нәтижие көрсетті👏 Әрбір бала белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады 😊 🏅 Жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар марапатталды! Спорт – денсаулық кепілі, ал дені сау бала – бақытты болашақ! 🌟

6 сәуір, 2026 жылы 3 Ә сынып оқушысы Мұхит Інжу Нұржанқызы ХХІІ Халықаралық “Алтын микрофон-2026” аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңінде 1-орын алып, облысқа жолдама берілді. Бұл сайыста Інжу өзінің жас ерекшелігіне қарамай, “Қазағым” және “Өмір мәні” әндерін жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасының ерекше назарына ілігіп, “Мұхиттың түбінен жарқырап шыққан Інжу” деген теңеу айтылды. Алдағы уақытта Інжу 6 мамырда облыс деңгейіндегі сайыста өнер көрсетіп, бақ сынайды. Інжу бұған дейін де бірнеше дүркін әншілер байқауының екі ГРАН ПРИ, бір СУПЕР ГРАН ПРИ жүлделерін алды. Жақын арада, 28 Наурыз күні өткен “АНАМА СЫЙЛЫҚ” атты Республикалық вокал номинациясы бойынша да үздік өнер көрсетіп, І орын алды

4 «Б» сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің кітапханасына арнайы барып, оның 185 жылдығына арналған танымдық квест ойынына белсене қатысты. Квест барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, ағартушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды. Ойын балалардың тапқырлығын шыңдап, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Бұл шара оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, тарихи тұлғаларға деген құрметін күшейтті.