Мектебімізде «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз орта құру мәселелері талқыланды.

Күретамыр жобасы аясында 3-сынып аналарының қатысуымен «Шаңырақтың шуақты тірегі» атты тағылымды алаң өтті ✨ 3-сынып аналары әлди айтып, ұлттық дәстүрлерді насихаттап, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында қатысушылар номинациялармен марапатталды 🏆 Ұлттық тәрбие – ұрпаққа аманат 💛

«Күретамыр» жобасы аясында «Әже – даналықтың бастауы» атты іс-шара 1 «В» сыныбында өтті. Шараға оқушылардың әжелері арнайы қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Балалар әжелеріне арнап өлеңдер оқып, ән айтып, сый-құрмет көрсетті. Бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге деген құрметті арттырды. Шара барысында әжелермен пікірталас ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтылды.

Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушылары арасында ата-аналарымен бірге көңілді әрі қызықты спорттық сайыс өтті 💪 Кішкентай спортшыларымыз өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ата-аналарының ұйымшылдығының арқасында жақсы нәтижие көрсетті👏 Әрбір бала белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады 😊 🏅 Жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар марапатталды! Спорт – денсаулық кепілі, ал дені сау бала – бақытты болашақ! 🌟