🎄✨ Жаңа жыл құтты болсын!✨🎄 2025 жылға қош айтып, үміт пен армандарға толы 2026 жылды қарсы аламыз! Жаңа жыл – жаңа бастамалардың, жарқын жоспарлардың, жақсылыққа толы күндердің бастауы. 🎁 Жаңа жылда: Отбасыңыз аман, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын! Жұмысыңыз жемісті, еңбегіңіз еленген жыл болсын! Денсаулық пен береке, бақыт пен молшылық серік болсын!

🎄✨ *Жаңа жыл құтты болсын!* ✨🎄 2025 жылға қош айтып, үміт пен армандарға толы 2026 жылды қарсы алайық! Жаңа жыл – жаңа бастамалардың, жарқын жоспарлардың, жақсылыққа толы күндердің бастауы. Жаңа жылда: Отбасыңыз аман, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын! Жұмысыңыз жемісті, еңбегіңіз еленген жыл болғай! Денсаулық пен береке, бақыт пен молшылық серік болсын! ❄️ Әрбір күн қуанышқа, әрбір іс табысқа толсын! Жаңа жыл – жарқын болашақтың жаршысы! Жаңа жыл – жаңа жетістіктер жылы болсын!

Бүгін ақпараттық кеңес отырысында қала әкімі М.Жүндібаев “Ең үздік қысқы мектеп ауласы” қысқы байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. 🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿 Қостанай қаласы үшін бұл дәстүрлі байқау “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Байқауға қаланың 36 мектебі қатысты. 🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆🥈🏆Қорытынды бойынша біздің мектебіміз 2-орынды иеленді. Жаңа жыл құтты болсын!!!

Қостанай қаласының №24 мектеп – гимназиясының ұжымы қаламыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан 2026 жылмен құттықтайды. Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін! 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄

🚨 *Қоғамдық тәртіп – ортақ міндет!* Бүгін мектебімізде инспектор маманмен кездесу өтті. Оқушылар *қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау*, *жеке қауіпсіздік*,туралы маңызды мағлұмат алды. Балалар өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын ұғынды. 🛑 Қауіпсіз орта – саналы ұрпақтың кепілі!

✨ «Ойлан тап» ✨ 1-сыныптар арасында өткен жаңылтпаштар сайысы балалардың тіл байлығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыта түсті. Кішкентай шеберлер өз өнерлерін көрсетіп, ширақ оймен, шапшаң сөйлеумен таңғалдырды. Тілдерін тапқырлықпен орап, әр бала ерекше көңіл күй сыйлады! 📚 Тіл – қазына, жаңылтпаш – сол қазынаның кілті!