✨ «Ойлан тап» ✨ 1-сыныптар арасында өткен жаңылтпаштар сайысы балалардың тіл байлығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыта түсті. Кішкентай шеберлер өз өнерлерін көрсетіп, ширақ оймен, шапшаң сөйлеумен таңғалдырды. Тілдерін тапқырлықпен орап, әр бала ерекше көңіл күй сыйлады! 📚 Тіл – қазына, жаңылтпаш – сол қазынаның кілті!