08.01 күні сынып сағаты барысында оқушылармен «Заң және тәртіп» тақырыбы талқыланып, құқықтық тәрбие беру мақсатында мазмұнды түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісіп, тәртіптің маңыздылығын ұғынды.Бала тәрбиесі – заңды білуден басталады! ⚖️📚

Бүгін 09.01.2026ж. “Таза Қазақстан” жобасы аясында Әділет басқармасының волонтерлерінің көмегімен және 1-3 сыныптарының ата-аналарымен бірлесе еңбек еткен мектебіміздің кішкентай болса да, нағыз ер-азамат болып өсіп келе жатқан ұлдарымыздың қатысуымен мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғастырылды. Қардан тазарту – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыстардың бірі. Серіктестеріміз бен ата-аналар тарапынан мектептің танымдық сауықтыру шараларынарда ғана емес, ортақ еңбекте де белсенділік танытылады. Қарды тазалауға айтарлықтай көмек көрсетті — белсенді қатысқандарыңыз, түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз!