16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері №24 мектепте оқушылардың қатысуымен танымдық іс-шара өткізді. 🔹Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, олардың маңыздылығы түсіндірілді. Қызметкерлер балалармен бірге ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, салт-дәстүрлердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуының маңызын атап өтті. Қостанай облысы Әділет департаментінің Баспасөз қызметі 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара
Барша аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Әр күндеріңіз қуанышқа, мейірімге және бақытқа толы болсын 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара
1 наурыз – Алғыс айту күні!** Алғыс айту күні – бұл татулық пен достықты дәріптейтін, жүректерді жақындататын ерекше мереке. Бұл күні біз айналамыздағы жандарға ризашылығымызды білдіріп, жылы лебізімізді арнаймыз. 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара
Алғыс айту күні құтты болсын! 1 наурыз – еліміз үшін ерекше мейрам. Бұл күн – мейірімділік пен ризашылықтың, сыйластық пен бірліктің мерекесі. Алғыс айту күні – жүректен шыққан жылы сөз бен шынайы алғыстың қадірін Тәуелсіз Елімізге білдіреміз. Бүгін біз ата-аналарымыздың қамқорлығымен, ұстаздарымыздың сапалы білімі мен тәлім-тәрбиесімен, достарымыздың қолдауы мен адалдығымен өмір сүріп жатқанымыз үшін тату елімізге алғыс айтамыз. Жүрегімізде әрдайым мейірім, ризашылық пен сыйластық сезімі болсын. Алғыс айту – үлкен мәдениет, биік адамгершілік белгісі. 💙 Бір-бірімізге жылы сөз айтып, жақсылық сыйлайық. 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара
Оқушыларымыз қуыршақтар театрына барып қызықтап ойнап күліп қайтты. Театр әдебиеттік оқу пәні аясында өткізілетін мәдени тәрбие алу көзі шарасы болды, ой сергітіп бой сергітіп барып қайттық. 01.04.2026Мектепте өткен іс-шара
Облыстық “Бастау” математикалық турнирінде 24 мектеп-гимназиясының “Алға” командасы 1 орын иеленіп республикалық кезеңге жолдама алды!!! 01.04.202609.04.2026Біздің жетістіктер, Ғылыми жоба