Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 2-4 сынып арасында “Тіл білгірі” интеллектуалды ойыны өтті. Ойында әртүрлі сұрақтар, ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер, тұрақты сөз тіркестері, ақын-жазушылардың суреттері көрсетіліп, кім екенін тауып,өмірбаяны мен шығармаларынан қысқаша мағлұмат беру тапсырмалары берілді. Ұйымдастырылған іс шараға оқушылар белсенділік танытып , қызығушылықпен қатысты. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара, Оқу әрекеттері
Мектебімізде монолог оқу сайысы жоғары деңгейде өтті 🎭📖 Оқушылардың сахна мәдениеті, көркем сөйлеуі мен шығармашылық шеберлігі қазылар алқасын тәнті етті. 🏆 Жеңімпаздарымыз: ✨ Гран-при – Токжанова Томирис (3 «В») 🥇 І орын – Рахматулла Айша (3 «Б») 🥇 І орын – Сейтпанов Али (3 «Ә») 🥈 ІІ орын – Коржумбаева Зере (3 «Г») 🥉 ІІІ орын – Муратбекова Айсәуле (3 «Ә») Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! 🌟 Өнерге деген сүйіспеншілік пен сөз құдіретін таныта білген оқушыларымызға алғыс айтамыз, шығармашылық табыс тілейміз! 👏✨ 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара
Бүгін мектебімізде «Күретамыр» жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты мазмұнды пікірлесу өтті. Кездесу барысында әжелер қазіргі немере тәрбиесіндегі өз рөлі туралы, ертегі айту дәстүрінің бүгінгі маңызы, баланы қалай еркелету керек, қалай бағыт беру қажет екені жайлы шынайы әңгіме өрбіді. Ұрпақ пен үлкенді жалғаған бұл пікірлесу тәрбиелік мәні жоғары, жүрекке жылы кездесу болды. 23.02.2026Без рубрики
Бүгін 4 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Оқитын ел – озық ел” жобасы негізінде «Ботақан» кітабы бойынша. Бұл сайыс Қостанай облысы Білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы филиалы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының «Үздік жас оқырман» атты өңірлік байқауы негізінде өткізіліп жатыр. Мектепішілік кезең 2 деңгейден тұратын – 1деңгей – сұрақ – жауап керуені және 2 деңгей – 6.02. күні 4 сынып оқушылары арасында «Ботақан» кітабы мазмұны бойынша тест жұмысы алынды. Осы байқау бойынша марапаттау рәсімі өткізілді. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара
Мектебімізде 5 ақпаннан бастап Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтіп жатыр. Әр күнге ұйымдастырылған іс шараға оқушылар белсенділік танытып , қызығушылықпен қатысуда. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара, Оқу әрекеттері
“Таза Қазақстан” экологиялық мәдениет дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде “Қағаз тапсыр – ағашты сақта” макулатура жинау бойынша акциясы өткізілді. Акцияға оқушылар белсене қатысты. Ата-аналар да аталмыш шараға ат салысты. Осыған орай 9.02. күні әр сынып осы акцияға орай қағаз тапсырды. 23.02.2026Без рубрики
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениет дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде «Қағаз тапсыр – ағашты сақта» макулатура жинау бойынша акциясы өткізілді. Акцияға оқушылар белсене қатысты. Ата-аналар да аталмыш шараға ат салысты. Осыған орай 9.02. күні әр сынып осы акцияға орай қағаз тапсырды. 23.02.2026Без рубрики
Даулетбаев Тобыл Еслямғалиұлы атындағы оқушылардың XIII өңірлік ғылыми-практикалық байқауы 7 ақпанда өтті. №24 мектеп-гимназиясынан қатысқан оқушылар 1 орын иеленді: Досанова Жасмин (жетекшісі Жусупова А.К.), Мұхтарұлы Алихан, Ердес Мәриям (жетекшісі Ахметова Ш.Б.), Сәбит Азиз (жетекшісі Каримова Л.А.) 23.02.202623.02.2026Без рубрики
2 кезеңде 6.02. күні 4 сынып оқушылары арасында «Ботақан» кітабы мазмұны бойынша тест жұмысы алынды. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара
5.05 күні 4 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Кітап оқитын ұлт” жоба бойынша «Ботақан» кітабы бойынша «сұрақ – жауап» керуені» өтті. 1. «Сөз маржаны» – «Ботақан» кітабының шығу тарихы мен мазмұны бойынша жалпылама әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2. «Шабыт шыңы» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Ақын – жазушылардың өмірімен танысу. 3. «Мәтін әлеміне саяхат» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 3 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Іс-шараға қатысқан әділ-қазылар : 1. Биалаш Балтақызы Сүйінкина – Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Ы. Алтынсарин», «Үздік педагог» медальдарының иегері, «Қазына» сыйлығының лауреаты; 2. Каримова Сауле Елеусизовна – ұстаздық жұмыстың ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері; 3. Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы – «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының» басшысы, композитор, айтыскер ақын. 4. Шалгимбаева Шынар Тулегеновна – Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. 23.02.2026Мектепте өткен іс-шара