5.05 күні 4 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Кітап оқитын ұлт” жоба бойынша «Ботақан» кітабы бойынша «сұрақ – жауап» керуені» өтті. 1. «Сөз маржаны» – «Ботақан» кітабының шығу тарихы мен мазмұны бойынша жалпылама әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2. «Шабыт шыңы» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Ақын – жазушылардың өмірімен танысу. 3. «Мәтін әлеміне саяхат» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 3 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Іс-шараға қатысқан әділ-қазылар : 1. Биалаш Балтақызы Сүйінкина – Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Ы. Алтынсарин», «Үздік педагог» медальдарының иегері, «Қазына» сыйлығының лауреаты; 2. Каримова Сауле Елеусизовна – ұстаздық жұмыстың ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері; 3. Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы – «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының» басшысы, композитор, айтыскер ақын. 4. Шалгимбаева Шынар Тулегеновна – Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.