20 қазан күні 2 “Г” сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің 184 жылдығына орай оның ескерткішіне барып, өлеңдерін оқып, өмірбаянымен танысты. Оқушылар ұлт ағартушысының еңбегі мен білімге қосқан үлесі жайлы мәлімет алды. Бұл іс-шара оқушылардың ұлы тұлғаға деген құрметін арттырып, білімге деген сүйіспеншілігін оятты. #біртұтас_тәрбие #ыбырайалтынсарин #ескерткіш

Бүгін 3-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды! ✨ Мектебімізде Ы.Алтынсарин музейінің ғылыми қызметкері-Назгүл Төкенқызы “Ыбырайтану сабағын” өткізді. Балалар Ыбырай атамыздың өмірі мен еңбегі жайлы қызықты мағлұматтар тыңдап, өлеңдерін жатқа оқыды, ”Сабыр – ақылдың серігі” тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Шынайы пікірлер, жарқын жүздер мен ынта — бұл сабақтан алған ең үлкен сый! 📸 Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл кездесуден есте қалар сәттермен бөлісеміз👇

Психикалық денсаулық күніне орай мектебімізде оқушылар мен педагогтерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсат – психикалық денсаулықты сақтау мен нығайту, тұрақты психоэмоционалды күй қалыптастыру және қолайлы білім беру ортасын дамыту. Іс-шаралар қатысушыларға жағымды әсер беріп, өз эмоцияларын түсіну мен реттеудің маңызын ұғынуға көмектесті.

Күзгі асар көрмесі 🍎🍁 Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушылары арасында «Күзгі асар» көрмесі өтті! Кішкентай бүлдіршіндер күздің молшылығын өз қолдарымен бейнелеп, ерекше шығармашылықпен танытты. Әр бұйым – еңбектің, ізденістің және бала қиялының жемісі! 🌻 Күздің иісі аңқыған мереке көңілге жылулық сыйлады

Цирк өнерпаздарының қатысуымен өткен көңілді қойылым балаларымызға ерекше әсер қалдырды. 🎉 Тамаша ұйымдастырылған нөмірлер мен көңілді сәттер балалардың жүзінде күлкі, жүрегінде шаттық сыйлады. 🤹‍♀️ Көрермендердің қуанышты эмоциялары мен шынайы күлкісі – осы күннің ең жарқын көрінісі болды. 🌈 Балалар осындай қуанышты сәттер арқылы мейірімге, өнерге және жақсы көңіл күйге бөленді. 💕

Құқықтық тәрбие шеңберінде 2025 жылғы қыркүйек айында “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы”, “Мектептің ішкі тәртібін сақтау мен мектептен тыс жерлерде өзін ұстау” тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Оқушылар алдында Қостанай қ. полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторы аға лейтенант Бейсенова А. сөз сөйлеп, ҚР Қылмыстық кодексінің негізгі ережелерін, жасөспірімдер үшін қылмыстық жауапкершіліктің басталу ерекшеліктерін түсіндірді. Ықтимал тәуекелдер мен радикалды идеологиялардың таралуы туралы хабардарлықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыс.

3-қазанда «IQOSTANAY» Smart- орталық базасында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті! Мерекеге қаламыздың болашағын қалыптастыруға күн сайын зор үлес қосып жүрген ардақты педагогар жиналды. Мұғалімдерді құттықтауға арналған іс-шарада, мектебіміздің 4 сынып оқушыларынан құралған ұлдар хоры өнер көрсетті. Жақсы дайындықтың нәтижесінде, балаларымыз жоғары деңгейде көрермендерді тәнті етті. Хор жетекшісі, музыка пән мұғалімі Нұрланова Сәулет Берикпаевна

Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!