Бос орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…

«Біздің мектебімізде оқушылардың тамақтану мәдениетін арттыру мақсатында экранда асхана мәзірі күн сайын көрініп тұрады. Ашықтық, тәртіп және қамқорлық!» ✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅ Осы видеороликті көре отырып оқушыларымыз тағамдардың арасындағы дәрумендермен танысып , тағамдардың денсаулыққа пайдалы екенін біле алды.

“Сенімділік пен қолдау” күні аясында ата-аналар мен оқушыларымыз “Махаббат дауысы” бейне челленджін қолдап, күнделікті бірге өткізілген бос уақытта бір – біріне деген сүйіспеншілікпен, ризашылық пен қолдаумен бөлісті. Болашақ ұрпаққа екі жақты қолдау көрсету – мектеп пен ата-ананың арасында бекітілген өзара тығыз жұмыс.

20-28 қараша аралығы өтетін Дүниежүзілік балалар күніне арналған Психологиялық қолдау апталығы басталды. Апталықтың алғашқы шарасы — «Ізгі тілектер дәлізі» акциясы ерекше көңіл-күй сыйлады. Мектепке кірген әр бала жылы шыраймен қарсы алып, өздеріне арналған жылы сөздер мен күш беретін тілектерді бір біріне сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады. Осындай кішкентай ғана жағымды тілектер балалардың жүзін жадыратып, мектепке қуана кіруіне себеп болды. Алдағы күндері апталық аясында түрлі қызықты іс-шаралар жалғасын табады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына (пластикалық қақпақтарды жинау) белсене қатысып, 7942 қықпақ жинап І орын алған үшін «Neco» экологиялық клубы «Жеміс чипстерін жасау» және «Шемішке дәнінен сұйық май жасау» мастер-класына 3»А»сынып оқкшыларын шақырады. Оқушылар өз қолдарымен табиғи таза дәм дайындап, құнарлы заттардың пайда болуын қызығушылықпен бақылады. Экологиялық белсенділік бұл біздің әуесқойлығымыздың бір көрінісі.

«Менің Құқықтарым» сурет байқауы 🎨 3-4 сыныптар арасында «Менің құқықтарым” атты сурет байқауы өтті. Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастырылды. ⠀ Балалар өз шығармалары арқылы білім алу, ойнау, қорғау және бостандық құқығын түрлі түстермен бейнелеп көрсетті. Әр суреттен балғын қиял мен терең ой көрініс тапты. ⠀ ⠀ 🌟 Құқықты білу — өзіңді қорғаудың алғашқы қадамы!

Еңбек адамы – елдің құты «Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын, шаруа болсаң, қос етегің кең болсын» деген халқымыздың даналық сөзі еңбек пен жердің қадірін айқын аңғартады. Осы ұстанымды негізге ала отырып, Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысқан бейнежобаны назарларыңызға ұсынамыз. Балалар сұхбат барысында фермерлердің тынымсыз еңбегі, жердің қасиеті мен дастархандағы нанның қадірі туралы өз ойларын білдіріп, ауыл шаруашылығында еңбек ететін жандардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Жоба “Қазақстандағы Еңбек мамандықтары жылы” мен “Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне” орай ұйымдастырылды. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барша дихандарға, фермерлерге, механизаторларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің еңбектеріңіз – ел ырысы, жер құты, ұлт абыройы! 🤩Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «КазУралАгро» компаниясы Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларына тәтті нан пісіру шеберлік сабағын өткізді. Балалар тәтті тоқаш, бауырсақ және басқа да тағамдарды жасап, ауылшаруашылық қызметкерлерінің еңбегінің маңызын ұғынды. Шараның басты мақсаты – балаларға еңбектің қадірін түсіндіру және еңбекқорлық қасиетін қалыптастыру.