Еңбек адамы – елдің құты «Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын, шаруа болсаң, қос етегің кең болсын» деген халқымыздың даналық сөзі еңбек пен жердің қадірін айқын аңғартады. Осы ұстанымды негізге ала отырып, Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысқан бейнежобаны назарларыңызға ұсынамыз. Балалар сұхбат барысында фермерлердің тынымсыз еңбегі, жердің қасиеті мен дастархандағы нанның қадірі туралы өз ойларын білдіріп, ауыл шаруашылығында еңбек ететін жандардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Жоба “Қазақстандағы Еңбек мамандықтары жылы” мен “Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне” орай ұйымдастырылды. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барша дихандарға, фермерлерге, механизаторларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің еңбектеріңіз – ел ырысы, жер құты, ұлт абыройы! 🤩Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «КазУралАгро» компаниясы Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларына тәтті нан пісіру шеберлік сабағын өткізді. Балалар тәтті тоқаш, бауырсақ және басқа да тағамдарды жасап, ауылшаруашылық қызметкерлерінің еңбегінің маңызын ұғынды. Шараның басты мақсаты – балаларға еңбектің қадірін түсіндіру және еңбекқорлық қасиетін қалыптастыру.