2025 жылдың 18-ші ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға УПИ полиция майоры А.Б.Бейсенова 1-4 сынып аралығында “Бейтаныс адамдармен мінез-құлық ережелері” тақырыбында дәріс жүргізді. Өткізілген дәрістің мақсаты: балалардың қауіпсіздік шараларын ұстануды үйрету. Соның ішінде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаспау керек екендігі ашық түрде талқыланды. Сондай-ақ бөтен кісілерден ішке қабылданатын өнімдер: сусындар, тәтті тағамдарды алудан бас тарту, танымайтын кісінің көлігіне отырмау керек екендігін нақты түрде атап көрсетілді.

2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясының командасы 1-орын иеленді. Қуандық Арсен мен Кеңесбай Нұғман 1-орын алды.Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Бос жұмыс орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі (декреттік демалыс орнына) бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын:   3 – Бастауыш сынып мұғалімі Ресми жалақы: 200 000 тенге. Жұмыспен…

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ел Президентінің үндеуімен іске асырылып жатқан бағдарлама мазмұнын толығымен ашып, талқылау мақсатында “Алтын қазына” танымдық ойыны өткізілді. Оқушылар ойын барысында өте жақсы деңгейді көрсетіп, тәрбие бағдарламасын ұғынуда жетік білімдерін ортаға салды. Ұстаздардың және ата-аналардың бағдарлама аясында барынша білім беретіндігінің негізінде болашақ ұрпақтың рухани қазынасын мектеп оқушылары толық аша білді.