2025 жылдың 18-ші ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға УПИ полиция майоры А.Б.Бейсенова 1-4 сынып аралығында “Бейтаныс адамдармен мінез-құлық ережелері” тақырыбында дәріс жүргізді. Өткізілген дәрістің мақсаты: балалардың қауіпсіздік шараларын ұстануды үйрету. Соның ішінде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаспау керек екендігі ашық түрде талқыланды. Сондай-ақ бөтен кісілерден ішке қабылданатын өнімдер: сусындар, тәтті тағамдарды алудан бас тарту, танымайтын кісінің көлігіне отырмау керек екендігін нақты түрде атап көрсетілді.