Бүгін мектебімізде Психологиялық қолдау апталығы аясында акция өтті. Оқушылар және мұғалімдер “Жетістіктер ағашын” өз мақтаныштарымен толтырды. Ағашымыз қуанышқа, мейірімге және шабытқа толды. 25.11.2025Мектеп психологы
«Біздің мектебімізде оқушылардың тамақтану мәдениетін арттыру мақсатында экранда асхана мәзірі күн сайын көрініп тұрады. Ашықтық, тәртіп және қамқорлық!» ✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅ Осы видеороликті көре отырып оқушыларымыз тағамдардың арасындағы дәрумендермен танысып , тағамдардың денсаулыққа пайдалы екенін біле алды. 25.11.2025Мектеп асханасы
“Сенімділік пен қолдау” күні аясында ата-аналар мен оқушыларымыз “Махаббат дауысы” бейне челленджін қолдап, күнделікті бірге өткізілген бос уақытта бір – біріне деген сүйіспеншілікпен, ризашылық пен қолдаумен бөлісті. Болашақ ұрпаққа екі жақты қолдау көрсету – мектеп пен ата-ананың арасында бекітілген өзара тығыз жұмыс. 25.11.2025Мектеп психологы
♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️♟️ 15 қарашада шахмат ойыны бойынша облыстық ашық турнирі өтті. Ұыз балалар ойынында 10 жас санаты бойынша 4 “ә” сынып оқушымыз Мусабаева Нурия 1 орын иеленді. Құттықтаймыз!! 25.11.2025Спорттағы жетістігіміз
20-28 қараша аралығы өтетін Дүниежүзілік балалар күніне арналған Психологиялық қолдау апталығы басталды. Апталықтың алғашқы шарасы — «Ізгі тілектер дәлізі» акциясы ерекше көңіл-күй сыйлады. Мектепке кірген әр бала жылы шыраймен қарсы алып, өздеріне арналған жылы сөздер мен күш беретін тілектерді бір біріне сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады. Осындай кішкентай ғана жағымды тілектер балалардың жүзін жадыратып, мектепке қуана кіруіне себеп болды. Алдағы күндері апталық аясында түрлі қызықты іс-шаралар жалғасын табады. 25.11.2025Мектеп психологы
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына (пластикалық қақпақтарды жинау) белсене қатысып, 7942 қықпақ жинап І орын алған үшін «Neco» экологиялық клубы «Жеміс чипстерін жасау» және «Шемішке дәнінен сұйық май жасау» мастер-класына 3»А»сынып оқкшыларын шақырады. Оқушылар өз қолдарымен табиғи таза дәм дайындап, құнарлы заттардың пайда болуын қызығушылықпен бақылады. Экологиялық белсенділік бұл біздің әуесқойлығымыздың бір көрінісі. 25.11.2025Мектепте өткен іс-шара
«Менің Құқықтарым» сурет байқауы 🎨 3-4 сыныптар арасында «Менің құқықтарым” атты сурет байқауы өтті. Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастырылды. ⠀ Балалар өз шығармалары арқылы білім алу, ойнау, қорғау және бостандық құқығын түрлі түстермен бейнелеп көрсетті. Әр суреттен балғын қиял мен терең ой көрініс тапты. ⠀ ⠀ 🌟 Құқықты білу — өзіңді қорғаудың алғашқы қадамы! 25.11.2025Құқықтық тәрбие
Еңбек адамы – елдің құты «Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын, шаруа болсаң, қос етегің кең болсын» деген халқымыздың даналық сөзі еңбек пен жердің қадірін айқын аңғартады. Осы ұстанымды негізге ала отырып, Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысқан бейнежобаны назарларыңызға ұсынамыз. Балалар сұхбат барысында фермерлердің тынымсыз еңбегі, жердің қасиеті мен дастархандағы нанның қадірі туралы өз ойларын білдіріп, ауыл шаруашылығында еңбек ететін жандардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Жоба “Қазақстандағы Еңбек мамандықтары жылы” мен “Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне” орай ұйымдастырылды. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барша дихандарға, фермерлерге, механизаторларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің еңбектеріңіз – ел ырысы, жер құты, ұлт абыройы! 🤩Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «КазУралАгро» компаниясы Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларына тәтті нан пісіру шеберлік сабағын өткізді. Балалар тәтті тоқаш, бауырсақ және басқа да тағамдарды жасап, ауылшаруашылық қызметкерлерінің еңбегінің маңызын ұғынды. Шараның басты мақсаты – балаларға еңбектің қадірін түсіндіру және еңбекқорлық қасиетін қалыптастыру. 25.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Көлік жүргізгенде мұқият бол тақырыбында 4 сынып оқкшыларымен жүргізілген жұмыстарымыз. Оқушылар өз қолдарымен сурет салып осы тақырып аясында бір бірімен ақпарат алмасты. Қауіпсіздік — әркімнің жауапкершілігі! Өз қауіпсіздігіңді сақтау — өз өміріңді қорғау. Ережені білу – апатты болдырмаудың алғашқы қадамы! ⚠️ 25.11.202525.11.2025Құқықтық тәрбие
Балалардың бойында құрмет, достық, өзара көмек, төзімділік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мектебімізде «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, дос болудың, бір-бірін түсінудің қаншалықты маңызды екенін өз іс-әрекеттерімен көрсетті. 25.11.2025Мектеп психологы