«БАЛДӘУРЕН» домбырашылар ансамблі* ХХ-шы Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында *«Халық аспаптары»* номинациясы бойынша *ІІ дәрежелі ЛАУРЕАТ* атанды! Бұл – тынымсыз еңбек пен талмай төгілген тердің, өнерге деген сүйіспеншілік пен бірліктің жарқын жемісі! Жетістіктерің — мектебіміздің абыройы, ел мерейі! Домбыраның күмбірімен әсем ән мен ұлттық рухты дәріптеген өнерлі өрендеріміздің алар асуы әлі алда деп сенеміз! Биіктен көріне бер, «БАЛДӘУРЕН»! Жеңістерің көбейе берсін! Фазыл Әдия Соло орындау бойынша – ІІІ дәрежелі Лауреат, Ансамбль құрамында – ІІ дәрежелі Лауреат атанды!

Күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтану жайындағы бағыт бойынша жолда дүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі тақырыбында сыныптар арасында ақпараттық газет шығару сайысы ұйымдастырылды. Оқушылардың жұмыстарынан үлкен көрме жинақталды.

Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”А” сыныбы Жетекшісі:Лязат Аубакировна

Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”Ә” сыныбы Жетекшісі:Закира Асылбековна

Бүгін мектеп оқушылары қалалық деңгейде өткен мерекелік іс-шараға қатысып, хормен Мемлекеттік Әнұранды орындады. Бұл сәт – елге деген құрмет пен мақтаныштың, жас ұрпақ бойындағы патриоттық рухтың айқын көрінісі болды. Оқушылардың әуезді дауысы арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік пен бейбіт өмірдің мәні сезілді. Осындай шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті қалыптастырып, тәуелсіз еліміздің болашағына деген сенімді күшейтеді.