Бүгін 3-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды! ✨ Мектебімізде Ы.Алтынсарин музейінің ғылыми қызметкері-Назгүл Төкенқызы “Ыбырайтану сабағын” өткізді. Балалар Ыбырай атамыздың өмірі мен еңбегі жайлы қызықты мағлұматтар тыңдап, өлеңдерін жатқа оқыды, ”Сабыр – ақылдың серігі” тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Шынайы пікірлер, жарқын жүздер мен ынта — бұл сабақтан алған ең үлкен сый! 📸 Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл кездесуден есте қалар сәттермен бөлісеміз👇