Психикалық денсаулық күніне орай мектебімізде оқушылар мен педагогтерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсат – психикалық денсаулықты сақтау мен нығайту, тұрақты психоэмоционалды күй қалыптастыру және қолайлы білім беру ортасын дамыту. Іс-шаралар қатысушыларға жағымды әсер беріп, өз эмоцияларын түсіну мен реттеудің маңызын ұғынуға көмектесті.