РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СУРЕТ КӨРМЕСІ 🎨 Бүгін мектебімізде Республика күніне арналған «Республикам-мақтанышым» атты сурет көрмесі өтті! Оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілігін, еліміздің жетістіктерін, табиғатын, рәміздерін түрлі-түсті бояу арқылы әсерлі жеткізді. Әр туындыда — патриоттық рух, мақтаныш пен махаббат! 🖼 Шығармашылық көрме балалардың қиялы мен ұлттық сана-сезімінің үндестігін көрсетті. Мектеп қабырғасындағы бұл көрме — кішкентай жүректерден шыққан үлкен ойдың көрінісі! 🇰🇿 Тәуелсіз еліміздің болашағы — осындай дарынды, ойлы ұрпақтың қолында!

4-сынып оқушылары ұлт ұстазы, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 184 жыл толуына орай оның кесенесіне барып, тағзым етті. Балалар ұлы ұстаздың өмір жолымен танысып, өлеңдерін оқып, естелік суретке түсті. Бұл саяхат – жас ұрпақтың бойында туған жерге, ұлы тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастырды.

Республика күніне орай: Мемлекеттік Әнұранды бірыңғай орындау шарасына мектебіміздің оқушылары белсенді қатысты. Бұл салтанатты сәт тарихқа деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Балалар барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, елімізге гүлдену, бейбітшілік пен бірлік тіледі. Әрбір жүректе Қазақстан үшін мақтаныш пен оның болашағына өз үлесін қосуға деген ұмтылыс өмір сүрсін!

Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”Б” сыныбы Жетекшісі:Қанағат Тұрсыновна

Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”В” сыныбы Жетекшісі:Ақмарал Шалдыбаевна

Күзгі демалыс – ойды сергітіп, жанды байытатын уақыт. Осы демалыста “Демалыста кітап оқимыз” гайдбугын ұсынамыз! Кітап оқу – жай ғана қызық емес, ол жаңа дүниелерді тануға, қиялды кеңейтуге, білімді арттыруға тамаша мүмкіндік. Демалысыңызды мәнді өткізіп, сүйікті кітаппен тынығып, жаңа кейіпкерлермен танысыңыз.