4-сынып оқушылары ұлт ұстазы, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 184 жыл толуына орай оның кесенесіне барып, тағзым етті. Балалар ұлы ұстаздың өмір жолымен танысып, өлеңдерін оқып, естелік суретке түсті. Бұл саяхат – жас ұрпақтың бойында туған жерге, ұлы тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастырды.