РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СУРЕТ КӨРМЕСІ 🎨 Бүгін мектебімізде Республика күніне арналған «Республикам-мақтанышым» атты сурет көрмесі өтті! Оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілігін, еліміздің жетістіктерін, табиғатын, рәміздерін түрлі-түсті бояу арқылы әсерлі жеткізді. Әр туындыда — патриоттық рух, мақтаныш пен махаббат! 🖼 Шығармашылық көрме балалардың қиялы мен ұлттық сана-сезімінің үндестігін көрсетті. Мектеп қабырғасындағы бұл көрме — кішкентай жүректерден шыққан үлкен ойдың көрінісі! 🇰🇿 Тәуелсіз еліміздің болашағы — осындай дарынды, ойлы ұрпақтың қолында!