Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”В” сыныбы Жетекшісі:Ақмарал Шалдыбаевна 03.11.2025Құқықтық тәрбие
21.10. күні 4-сынып оқушылары танымдық дүниетанымын арттыру үшін Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин кесенесіне барып, Республика күніне орай өз ниеттерімен бөлісіп, патриоттық челленджге қатысты. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Күзгі демалыс – ойды сергітіп, жанды байытатын уақыт. Осы демалыста “Демалыста кітап оқимыз” гайдбугын ұсынамыз! Кітап оқу – жай ғана қызық емес, ол жаңа дүниелерді тануға, қиялды кеңейтуге, білімді арттыруға тамаша мүмкіндік. Демалысыңызды мәнді өткізіп, сүйікті кітаппен тынығып, жаңа кейіпкерлермен танысыңыз. 03.11.2025Мектеп кітапханасы
Мектеп оқушылары Ыбырай Алтынсариннің 184 жылдығына орай ескерткішіне барып, өлеңдерін оқып, өмірі мен еңбектері жайлы мәлімет алды. Іс-шара оқушылардың ұлы тұлғаға деген құрметін арттырып, білімге деген қызығушылығын оятты. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
20 қазан күні 2 “Г” сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің 184 жылдығына орай оның ескерткішіне барып, өлеңдерін оқып, өмірбаянымен танысты. Оқушылар ұлт ағартушысының еңбегі мен білімге қосқан үлесі жайлы мәлімет алды. Бұл іс-шара оқушылардың ұлы тұлғаға деген құрметін арттырып, білімге деген сүйіспеншілігін оятты. #біртұтас_тәрбие #ыбырайалтынсарин #ескерткіш 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Бүгін 3-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды! ✨ Мектебімізде Ы.Алтынсарин музейінің ғылыми қызметкері-Назгүл Төкенқызы “Ыбырайтану сабағын” өткізді. Балалар Ыбырай атамыздың өмірі мен еңбегі жайлы қызықты мағлұматтар тыңдап, өлеңдерін жатқа оқыды, ”Сабыр – ақылдың серігі” тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Шынайы пікірлер, жарқын жүздер мен ынта — бұл сабақтан алған ең үлкен сый! 📸 Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл кездесуден есте қалар сәттермен бөлісеміз👇 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Психикалық денсаулық күніне орай мектебімізде оқушылар мен педагогтерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсат – психикалық денсаулықты сақтау мен нығайту, тұрақты психоэмоционалды күй қалыптастыру және қолайлы білім беру ортасын дамыту. Іс-шаралар қатысушыларға жағымды әсер беріп, өз эмоцияларын түсіну мен реттеудің маңызын ұғынуға көмектесті. 03.11.2025Әлеуметтік психологиялық қызмет
Республика көлемінде өтіп жатқан “Таза Қазақстан” жобасына 24 мектеп-гимназиясы ұжымы да жұмыла қатысты. Мектеп ауласын жинақтап, бірге өткізілген уақытта пайдалы жұмыла еңбек етті. 03.11.2025Без рубрики