Күзгі асар көрмесі 🍎🍁 Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушылары арасында «Күзгі асар» көрмесі өтті! Кішкентай бүлдіршіндер күздің молшылығын өз қолдарымен бейнелеп, ерекше шығармашылықпен танытты. Әр бұйым – еңбектің, ізденістің және бала қиялының жемісі! 🌻 Күздің иісі аңқыған мереке көңілге жылулық сыйлады 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Цирк өнерпаздарының қатысуымен өткен көңілді қойылым балаларымызға ерекше әсер қалдырды. 🎉 Тамаша ұйымдастырылған нөмірлер мен көңілді сәттер балалардың жүзінде күлкі, жүрегінде шаттық сыйлады. 🤹♀️ Көрермендердің қуанышты эмоциялары мен шынайы күлкісі – осы күннің ең жарқын көрінісі болды. 🌈 Балалар осындай қуанышты сәттер арқылы мейірімге, өнерге және жақсы көңіл күйге бөленді. 💕 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Құқықтық тәрбие шеңберінде 2025 жылғы қыркүйек айында “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы”, “Мектептің ішкі тәртібін сақтау мен мектептен тыс жерлерде өзін ұстау” тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Оқушылар алдында Қостанай қ. полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторы аға лейтенант Бейсенова А. сөз сөйлеп, ҚР Қылмыстық кодексінің негізгі ережелерін, жасөспірімдер үшін қылмыстық жауапкершіліктің басталу ерекшеліктерін түсіндірді. Ықтимал тәуекелдер мен радикалды идеологиялардың таралуы туралы хабардарлықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыс. 03.11.2025Құқықтық тәрбие
3-қазанда «IQOSTANAY» Smart- орталық базасында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті! Мерекеге қаламыздың болашағын қалыптастыруға күн сайын зор үлес қосып жүрген ардақты педагогар жиналды. Мұғалімдерді құттықтауға арналған іс-шарада, мектебіміздің 4 сынып оқушыларынан құралған ұлдар хоры өнер көрсетті. Жақсы дайындықтың нәтижесінде, балаларымыз жоғары деңгейде көрермендерді тәнті етті. Хор жетекшісі, музыка пән мұғалімі Нұрланова Сәулет Берикпаевна 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Бүгінгі күн «Менің көмекшім – жасанды интеллект» деген ұранмен бастау алды. Мектептің жас мамандары өздерінің тәжірибелік жолында қолданатын жұмыс формалар мен әдістерімен бөлісе отырып, педагогикалық идеялар панорамасын өткізді. Сонымен қатар ЖИ қолдана отырып сабақ өткізудің қисындарын практика жүзінде іске асырып, оқушылардың белсенділіктері мен танымдылықтарын арттыруға тағы бір үлес қосты. «Мектептің жаны – мұғалім.» А.Байтұрсынов 03.11.20252. Мектеп жүрегі – мұғалім
“Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан” деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай бүгін мектебіміздің қабырғасында педагогикалық қонақ бөлмесі ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Мерекелік шараға қонақ болған еңбек ардагерлері өмір жолында болған жылуға толы сәттерін еске алып, жас мамандармен тәжірибесін айтып бөлісті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өз шығармашылығы мен біліктіліктерін көрсетіп: өлең жолдарын оқыды, қара сөздермен тамсандырды, ән мен күйге жол берді. Актерлік шеберліктерін ортаға салып көрініс қойып, қазақтың қара домбырасымен ертеңгіліктін бастауын салды. Кездесу барысы жақсы – көңіл күйге бөленіп, келген қонақтар оқушылардың өнеріне риза болды. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
STOP-БУЛЛИНГ – көмек әрқашан қасында! Мектебіміздің әрбір оқушысы қиын жағдайға буллингке тап болғанда көмек ала алады. • «STP-БУЛЛИНГ» QR-код Активін сканерле де, нұсқаулықты орында! Камера немесе QR-код сканерін қолдан. Көмекке бір қадамда жүгін. Сенімді бол – «STOP-БУЛЛИНГ» әрқашан жанында және көмектесуге дайын! КӨМЕК ӘРҚАШАН ЖАНЫНДА — ЖАЙ СКАНЕРЛЕ! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
♻️Оқушыларымыз облыстық экологиялық жоба аясында қақпақ жинау шарасына қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуда. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ парызымыз! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара