Қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында 1-сынып оқушылары арасында “Ертегілер әлемінде” атты сайыс өтті. Сайыс барысында әр сынып өздері таңдаған ертегі бойынша шағын қойылым ұсынып, кейіпкерлердің образын шебер сомдады. Бүлдіршіндердің сахнадағы батылдығы, қиялы мен өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл іс-шара оқушылардың тіл байлығын арттырып, ертегіні сүюге, сахналық мәдениетке баулуға үлкен мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Сайыс қорытындысында әр сыныпқа номинациялар берілді.

“Күретамыр” жобасы аясында “Атаның сөзі – дананың көзі” атты мазмұнды сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аталар өнегесі арқылы тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңес беру, рухани сабақтастықты нығайту

4-сыныптар арасында “Саламатты мектеп” жобасы аясында денсаулық нығайту мектебі бағдарламасы бойынша пионербол ойынынан спорттық кездесуі өтті. Оқушылар жақсы ойын көрсетіп, тамаша көңіл көтерді. Достық, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер ортақ істе шынықтырып, біріктіре алды.

Бос жұмыс орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…

Бос жұмыс орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…

Аналар мектебі аясында «Бір шәугім шәй» атты тағылым алаңы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлін айқындау, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудегі ананың жауапкершілігін арттыру, саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға бағытталған тағылымды ой-пікірлермен бөлісу болды. Іс-шараның негізгі ерекшелігі – бейресми, жылы әрі сенімді орта қалыптастырып, аналар арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға мүмкіндік беруі. Шай үстіндегі әңгіме арқылы тәрбиелік маңызы зор мәселелер талқыланып, бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды. Аталмыш тағылым алаңына 1-сынып оқушыларының аналар тобы қатысып, тәрбиелік тәжірибе алмасып, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

«Заң менен басталады» 29қаңтар күні 📌 Құқық клубтарының акциясы аясында жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 📖 Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, құқықтық жадынамалар (буклеттер) таратылды. Мақсатымыз – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.