Аналар мектебі аясында «Бір шәугім шәй» атты тағылым алаңы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлін айқындау, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудегі ананың жауапкершілігін арттыру, саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға бағытталған тағылымды ой-пікірлермен бөлісу болды. Іс-шараның негізгі ерекшелігі – бейресми, жылы әрі сенімді орта қалыптастырып, аналар арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға мүмкіндік беруі. Шай үстіндегі әңгіме арқылы тәрбиелік маңызы зор мәселелер талқыланып, бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды. Аталмыш тағылым алаңына 1-сынып оқушыларының аналар тобы қатысып, тәрбиелік тәжірибе алмасып, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулердің маңыздылығын атап өтті.